banner

Үндістандағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны артты

774

Үндістандағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны артты

Үндістандағы Джагдалпур қаласынан сапарға аттанған жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24Хабар.

Тағы 50-ден астамы жарақат алды. Оқиға Орисса мен Андхра-Прадеш штаттарының арасында болған. Салдарынан локомотив пен 7 вагон аударылып қалған. Оқиға орнында құтқару операциясы жүріп жатыр. Жапа шеккендер жақын маңдағы екі ауруханаға жеткізілген. Апаттың себептері әлі белгісіз.

Айта кетейік, өткен жылы күзде Уттар-Прадеш штатындағы осындай теміржол апатынан 149 жолаушы құрбан болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу