Кумбха Мела – әр 12 жыл сайын болатын үлкен үнді фестивалі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
The Guardian таратқан мәліметке сүйенсек, адамдардың бір-бірін таптауынан жиырмаға жуық адам қаза тапқан. Оның арасында әйелдер мен балалар да бар. Сондай-ақ, түрлі дене жарақаттарын алған адамдар да кездеседі.
Станцияда адамдардың көп жиналуына қасиетті орындарға жаппай баруы, яғни Кумбха Мела рәсімі себеп болған. Бұл әлемдегі ең үлкен діни жиналыс әр 12 жыл сайын аталып өтіледі. Яғни, солтүстікте орналасқан Праяградж қаласына ондаған миллион діндар адамдар ағылады.
Оқыс оқиға адамдар іс-шараға қатысу үшін өз пойызына үлгеру үшін жүгірген сәтте басталған. Өткен айда бұл іс-шара кем дегенде 30 адамның өмірін қиған еді. Дәрігерлер қаза тапқандардың басым бөлігі тұншыққанын жеткізді.
Үндістанның теміржол министрі Ашвини Вайшнав трагедияға қатысты жоғары деңгейдегі тергеудің басталғанын хабарлап отыр.