Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 279-ға жетті

227

Үндістандағы ірі әуе апаты салдарынан көз жұмғандар саны әлдеқайда көп екені мәлім болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 279-ға жетті Фото: AP

Елдің батысындағы Ахмедабад қаласында болған ұшақ апаты орнынан 279 адамның денесі табылды. Бұған дейін 265 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді.

DW басылымының жазуынша, ресми түрде қаза тапқандардың саны ДНҚ арқылы сәйкестендіру жұмыстары аяқталғаннан кейін жарияланады.

Boeing 787 Dreamliner ұшағы Үндістанның Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Бортта 242 адам болған. Кейінірек бұл апаттан тек бір жолаушы аман қалғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу