Үндістандағы ұшақ апатының себебі белгілі болды

431

Осыдан тура 1 ай бұрын болған ұшақ апатының себебі анықталды.  

Үндістандағы ұшақ апатының себебі белгілі болды Фото: russian.cgtn.com

Үндістан билігі тергеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми құжатта ұшу кезінде жанармай беру жүйесінің ажыратылғаны жазылған.

Дәлірек айтқанда, жанармай беретін тетік жұмыс істеп тұрған RUN күйінен тоқтау CUTOFF күйіне ауыстырылған.

Соның салдарынан қажетті жанармай берілмей, қозғалтқыштар тарту күшінен айырылған. Осыған қатысты кабинадағы дауыс жазғышта ұшқыштардың "Неге отынды ажыраттың?" деген сұрағы мен екінші ұшқыштың "Мен ештеңе ауыстырмадым" деген жауабы жазылып қалған.

Олар отын беруді қалпына келтіруге тырысқанымен биіктік пен уақыттың жетіспеушілігінен бұл мүмкін болмаған деп жазылады есепте.

Айта кетейік, ұшақ 12 маусым күні Ахмед Абад қаласынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай тұрғын үйге құлаған еді. Апат салдарынан 260 адам қаза тауып, тек бір жолаушы тірі қалды.

Қара жәшік апаттан кейін бірнеше күннен соң табылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу