Үндістандық кәсіпкер бар байлығын итіне мұра етіп қалдырды

188

Ешқашан үйленбеген және балалары жоқ Тата сүйікті үй жануарына үнемі күтім жасауды сұрады. 

Үндістандық кәсіпкер бар байлығын итіне мұра етіп қалдырды Фото: The Times

Ол 91 миллион фунт стерлинг (118,1 миллион доллар) көлеміндегі байлығын өз қызметкерлеріне және итіне өсиет етті, деп жазады inbusiness.kz сайты The Times-қа сілтеме жасап. 

Татанынң мүлкінің бір бөлігі ағасы мен қарындастарына да қалдырылады. Оның досы Сухель Сет кәсіпкердің аспаздары мен күтушілеріне әрдайым сыйластықпен қарағанын атап өтті. 

2018 жылы Тата науқас итіне күтім жасау үшін Букингем сарайына барудан бас тартқан болатын. Бұл оқиға Король Чарльз III-ті таңғалдырып, ол Татаны "нағыз адам" деп атады. 

Ратан Тата Tata Group компаниясын басқарған жылдары Tetley Tea, Corus Steel және Jaguar Land Rover брендтерін сатып алуға ықпал етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу