15 тамыздан бастап Үндістанның "IndiGo" әуе компаниясы "Дели – Алматы" бағыты бойынша әуе рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, А-320 және А-321 типті әуе кемелері аптасына 3 рейс жиілігімен ұшады деп көрсетілген.
"IndiGo" әуе акомпаниясы – Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы. Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етіп, бәсекелестікті арттырады. Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
"IndiGo" 2006 жылдың тамызында құрылған. Әуе компаниясының паркі 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78-і ішкі, ал 26-сы – халықаралық бағыттар.