Reuters агенттігінің хабарлауынша, Үндістандағы ең ірі энергетикалық компания Reliance қайталама санкцияларға ұшырау қаупіне байланысты "Совкомфлот" танкерлерімен келетін ресейлік мұнайдан бас тартты, деп жазады inbusiness.kz.
Әлемдегі ең ірі мұнай өңдеу кешенінің операторы АҚШ-тың соңғы санкцияларына байланысты Ресей мемлекеттік кеме қатынасы компаниясының танкерлерімен келетін ресейлік мұнайды сатып алмайтын болды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, ресейлік Urals маркалы мұнайдың ірі импорттаушысы болып табылатын Үнді компаниясының басшылығы ақпан айынан бастап американдық санкцияларға ұшыраған "Совкомфлот" танкерлерімен мұнайдың жаңа партияларын жеткізуден бас тартуды талап етті.
Жағдайдың бұлайша қарқын алуы Ресей үшін мұнай экспортын одан әрі қиындата түспек, мұнай компаниялары шикізатты тасымалдауға арналған кемелерді іздеуге мәжбүр болады, деп жазады агенттік, сонымен қатар ресейлік МӨЗ-ге украиналық дрондардың соңғы шабуылдары да біршама ауыртпалық әкелді. Сонымен қатар, ресейлік компаниялар банктік шектеулерге байланысты мұнай экспорты үшін төлемдермен күресіп жатыр.