Үндістандық туристен 77 мың теңге жолақы талап еткен такси жүргізушісі ұсталды

309

Ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Үндістандық туристен 77 мың теңге жолақы талап еткен такси жүргізушісі ұсталды Фото: бейнеден скриншот

Алматыда Үндістаннан келген блогерге жол жүру ақысын артық төлеткен такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Үндістаннан келген туристке жол жүру ақысын артық төлеткен 27 жастағы жігіт ұсталды. 

"Тексеру барысында азаматтың тиісті құжаттарынсыз жеке тасымалдаумен айналысқандығы, өз қызметін азаматтардың мазасын ала отыра ұсынғандығы, сондай-ақ оны ұстау кезінде полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағандығы анықталды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - делінген мәліметте.

Үндістандық трэвел блогер әлеуметтік желідегі парақшасында отандық такси жүргізушісі одан белгіленген ақшадан артық сұрағанын айтып, наразылығын жеткізген. Айтуынша, жүргізуші одан 77 мың теңге талап еткен. Комал Махешвари бұл соманы төлеуден бас тартқанын, бірақ ақыры такси жүргізушісіне 30 мың теңге бергенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу