Үндістанға ем алуға барған 16 жастағы қазақстандық қайтыс болды

121

Ол онкологиямен күрескен.  

Үндістанға ем алуға барған 16 жастағы қазақстандық қайтыс болды Фото: Delfi

Үндістанда емделіп жүрген 16 жастағы қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратты әлеуметтік желіде марқұмның әпкесі жариялады. 16 жастағы жасөспірімнен қатерлі ісік анықталғаны белгілі болды. 

"Құрметті Қазақ елі! Інімнің денесін елге тездетіп әкелуге көмектесіңіздерші. Ақша керек емес. Тек елшіліктен көмек қажет. Қатерлі ісік дертінен ем аламын деп Үндістанға кеткен болатын. Жүрегінің тромбы үзіліп, бүгін қайтыс болды. Кімге, қайда жүгінеміз белгілеп кетіңіздерші. Үнсіз қалмаңыздаршы", – деп жазды Перизат Болатқызы Threads желісіндегі парақшасында. 

Жазбаның астындағы пікірлерде мәселенің шешілгені және жасөспірімнің денесі елімізге жеткізілетіні туралы айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу