Үндістаннан келе жатқан екі шетелдік Астанада ауруханаға жатқызылды

701

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, ауруханаға жатқызылған транзиттік жолаушылар (Украина азаматтары) Үндістанда екі айдай болып, Астана арқылы Киевке ұшып бара жатқан.

Үндістаннан келе жатқан екі шетелдік Астанада ауруханаға жатқызылды

Үндістаннан ұшақпен жеткен екі транзиттік жолаушы тырысқақ ауруына шалдыққан болуы мүмкін деген күдікпен Астананың жұқпалы аурулар ауруханасындағы жеке бокстарға оқшауландырылды, деп хабарлады Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

"Науқас пен оның әріптесі тексерілді. Диагнозды анықтау үшін оларға инфекциялық ауруханаға жатуды ұсындық. Бірақ олар ұзақ уақыт бойы келісім бермеді. Ақырында бактериологиялық-лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін ауруханаға жатқызылды. Екі жолаушыны жұқпалы аурулар ауруханасының жеке боксына оқшаулап, қажетті сараптамаларды алдық", – деді Жандарбек Бекшин сейсенбі күні журналистерге.

Сондай-ақ ол нақты диагноз екі-үш тәуліктен кейін қойылатынын атап өтті.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, ауруханаға жатқызылған транзиттік жолаушылар (Украина азаматтары) Үндістанда екі айдай болып, Астана арқылы Киевке ұшып бара жатқан.

"Тырысқақ" диагнозы әлі расталмады. Науқас Делиден ұшар алдында қарбыз жеп, ұшақта өзін нашар сезінгенін атап өтті. Жолаушы ауруханаға жатудан бас тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу