Үндістаннан келген адамдар үйдегі карантинде болуы керек – Алексей Цой

989

Бұл елде коронавирустың жаңа штамы тіркелген болатын.

Үндістаннан келген адамдар үйдегі карантинде болуы керек – Алексей Цой

Үндістаннан Қазақстанға келген адамдар 14 күн үйдегі карантинде болуы керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол Үндістанда эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін атап өтті.

"Онда тәулігіне коронавирусты жұқтырудың 400 мың дерегі тіркеліп жатыр. Сондықтан Үндістанда таралған штаммды әкелудің алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылданды", - деді министр Үкімет отырысында.

Ол Үндістаннан келген адамдар коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырған және COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан үйдегі карантинде болатынын атап өтті.

"Үндістаннан Қазақстанға, оның ішінде үшінші елдер арқылы келгендер және Үндістанда болғандар соңғы 14 күнде үйде оқшауланып, үйдегі карантинде болуы керек", - деді Алексей Цой.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу