Үндістаннан Ресейге автостоппен шыққан саяхатшы Қазақстанда жолда қалды

279

Ол Абай облысы полицейлерінен көмек сұрады. 

Үндістаннан Ресейге автостоппен шыққан саяхатшы Қазақстанда жолда қалды Фото: видео скриншот

Полиция қызметкерлері "Кордон" бекетінде Ресей Федерациясының азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Полиция капитаны Азамат Ахмадиевке және полицияның аға лейтенанты Естай Мусинге 40 жастағы Ресей Федерациясының азаматы Игорь Жуков жүгінді. Ол шекараға дейін көлік табуға көмек сұрады. Тәртіп сақшылары саяхатшыға көмек көрсетіп, шекарадан өту тәртібін түсіндіріп, оның әрі қарайғы жолын қауіпсіз түрде ұйымдастыруға көмектесті", – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Игорь Жуков тек полицейлерге емес, барша қазақ еліне ризашылығын білдірді.

"Автостоппен бірнеше мемлекетті аралап, енді міне Қазақстанға табан тіреп отырмын. Мұндағы халықтың қонақжайлығы керемет. Мейірім төгіп, әркез көмектесуге әзір тұрады. Сол үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтамын", – деді саяхатшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу