Үндістанның батысында көпір құлап, 130 адам қаза тапты

601

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатындағы көпірдің құлауынан кем дегенде 130 адам қаза тапты. Ұзаққа созылған көпірді жөндеу жұмыстарына қарамастан, бірнеше күн өтпестен құлап, ақыры қайғылы оқиға әкелді.  

Үндістанның батысында көпір құлап, 130 адам қаза тапты Фото: google.com

Қаза тапқандар саны жайлы дүйсенбіге қараған түні Франс пресс агенттігіне қалалық полиция бастығы Морби Рахул Трипати мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, 130-дан астам адам құтқарылып, 15 адам ауруханаға жіберілген.

Морсби қаласындағы Мачху өзені үстіндегі көпір жарты жылдық жөндеуден кейін ашылды, алайда бірнеше күн өткен соң құлады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, үнділердің басты мерекелерінің бірі Дивалиді атап өту үшін көпірге 500-ге жуық адам жиналған. Нәтижесінде, көпір ілулі тұрған сымарқан үзіліп кеткен.

Көпір құлағаннан кейін түсірілген кадрларда құтқарушылар көмегін күткен ондаған адамдар сымарқан мен құрылымның қалдықтарына жабысып тұрғанын көруге болады. Кейбіреулер өзен жағасына жету үшін сынған бөліктер үстіне шығып алған.

Аспалы көпір танымал туристік орын болатын. 230 метрлік құрылым XIX ғасырда Британ империясы кезінде салынған.

Өзінің туған жері Гуджарат штатында үш күндік сапармен келген премьер-министр Нарендра Моди штаттың Бас министріне құтқару операциясына шұғыл арнайы топ жинауды тапсырғанын айтты.

Моди қайғылы жағдайдан қаза тапқандарға көңіл айтып, зардап шеккендерге, сондай-ақ қаза тапқандардың жақын туыстарына өтемақы төленетінін мәлімдеді.

Көпірдегі қайғылы оқиға жыл соңында өтетін Гуджарат сайлауы қарсаңында болды. Модидің басқарушы партиясының биліктегі мерзімі 2023 жылдың ақпанында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу