Үндістанның бұрынғы қаржы министрі қамауға алынды

804

Елдің қазіргі премьер-министрі Нарендра Моди оның үкіметін сынаған оппозиция өкілдерін қудалауды қолға алған. 

Үндістанның бұрынғы қаржы министрі қамауға алынды

Үндістанның бұрынғы қаржы министрі әрі елдегі басты оппозициялық партияның мүшесі Паланияппан Чидамбарамды федералдық тергеу агенттігінің қызметкерлері қолға түсірді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Экс-министрге жемқорлықпен айналысты, қызметін асыра пайдаланды деген айыптар тағылып отыр. 

Чидамбарам мен оның жақтастарының айтуынша, елдің қазіргі премьер-министрі Нарендра Моди оның үкіметін сынаған оппозиция өкілдерін қудалауды қолға алған. 

Паланияппан Чидамбарамға 2017 жылы айып тағылған болатын. Орталық тергеу бюросы оның ұлы мен бірқатар лауазымды тұлғаға Чидамбарам 2007 жылы қаржы министрі болған кезде жемқорлықпен айналысты деген айып тағып іс қозғаған еді. 
73 жастағы Чидамбарам алты жылдай қаржы министрі қызметін атқарған, ал 2008 жылы Мумбаи қаласындағы лаңкестіктерден кейін Ішкі істер министрі болып тағайындалды. 

Өз кезегінде Паланияппан Чидамбарам тағылған айыпты мойындаудан бас тартып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу