Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында нөсер жауын салдарынан кем дегенде 11 адам қаза болды. Бұл туралы жұма күні жергілікті билік өкілдері хабарлады.
"Жауын-шашын салдарынан қаза тапқан 11 адамның алтауы түрлі суға батып кету оқиғаларынан көз жұмған, екеуі су толтырылған карьерлерге құлады, екеуі найзағай соғып, біреуі қабырғаның опырылуынан қаза тапты", – деп мәлімдеген жергілікті шенеунік журналистерге.
Сонымен қатар, билік өкілі өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және басқа да бөлімшелер кез келген оқиғаға сақадай сай екенін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу