Үндістанның компаниясы санкцияға қарамастан Ресей мұнайын қайта сатып ала бастады

64

Қара алтынды Гуджарат штатындағы мұнай өңдеу зауытына жөнелтуді қолға алған. 

Үндістанның компаниясы санкцияға қарамастан Ресей мұнайын қайта сатып ала бастады Фото: rambler.ru

Үндістандағы Reliance Industries атты ең ірі жекеменшік мұнай өңдеу компаниясы Ресейден мұнай сатып алуын қайта жандандырды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, Reliance Industries санкция салынбаған жеткізушілерден ресейлік мұнайды арзан бағамен сатып алып жатыр. Осылайша қара алтынды Гуджарат штатындағы өзінің мұнай өңдеу зауытына жөнелтуді қолға алған. Бұл зауыт тәулігіне 660 мың баррель мұнай өңдейді. Кәсіпорын жергілікті тұтынушыларды өніммен қамтамасыз етеді.

Reliance Industries Ресей мұнайын тасымалдау бойынша "RusExport" компаниясымен келісімшарт жасасқан. Кәсіпорын Aframax санатындағы танкерлерді пайдаланады.

АҚШ 22 қазанда Ресейге қарсы жаңа санкциялар салған болатын. Бұл жолы қара тізімге "Роснефть" пен "Лукойл" мұнай компаниялары, сондай-ақ Ресей аумағында орналасқан олардың еншілес кәсіпорындары енгізілді. 

Айта кету керек, бұған дейін Үндістан Ресей мұнайын сатып алуды тоқтататынын жазғанбыз. АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің осындай уәде бергенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу