Үндістанның оңтүстігінде өткен шеру кезінде болған дүрбелең салдарынан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Тамилнад штатында киноактер Виджай ұйымдастырған "Тамилага Веттри Кажагам" саяси ұйымын қолдау митингі кезінде орын алған.
Штаттың басшысы В. Сентил Баладжидің айтуынша, 46 адам жеке ауруханаға жатқызылған, тағы 12 науқас мемлекеттік медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.
Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди X әлеуметтік желісіндегі жазбасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу