Үндістанның Орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендетті

1221

Ел үкіметі экономиканы ынталандыру мақсатында осындай қадамға барып отыр. 

Үндістанның Орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендетті

Мөлшерлеме 25 базистік пунктке түсіріліп, 5,15 пайыз болды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Реттеуші өкілдерінің айтуынша, экономика өсімі оңалмайынша, осы деңгей сақталады.

Сарапшылардың болжамына сүйенсек, биылғы қаржы жылында елдің ЖІӨ 6,1 пайызға көтеріледі деп күтілуде.

Бірақ айта кету керек, Үндістанда осы жылдың сәуір және маусым айлары аралығында ЖІӨ өсімі едәуір баяулаған. Бұған тұтынушы сұранысының төмендеуі мен жеке инвестициялардың азаюы себеп болған. Бұл 2013 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш, дейді мамандар. 

Монетарлық саясат жөніндегі комитеттің айтуынша, қабылданған шаралар жеке инвестициялық белсенділікті арттырып, экономика өсімін жеделдетпек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу