Үндістанның солтүстігіндегі су тасқынан ондаған адам қаза тапты

1345

Тамыз айы басталғалы су тасқыны салдарынан Үндістанда 300-ге жуық тұрғын көз жұмды.

Үндістанның солтүстігіндегі су тасқынан ондаған адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігінде орналасқан штаттардағы толассыз жауын-шашын мен су тасқыны салдарынан кемінде 58 адам ажал құшты. Жауынның арты көшкінге ұласып, өзендер арнасынан асты. Су қоймаларындағы су деңгейі қалыпты нормадан көтеріліп кетті. 

Кеше Нью-Дели қаласы маңындағы өзеннің суы тасып, шаһардан 10 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

Тамыз айынан бері су тасқыны салдарынан Үндістанда 300-ге жуық тұрғын жантәсілім еткен. Мамандардың болжамы бойынша, жақын күндері жауын-шашын әлі де жалғасуы мүмкін. 

Маусым айының соңында Оңтүстік Азияға келген муссон соңғы он жылдағы ең сұрапыл дауылдардың бірі болып тіркелді. 
Табиғаттың тосын мінезінен елдің бірқатар ауданы зардап шегіп отыр. Апат салдарынан көлік қозғалысы тоқтап, ғимараттар қирап қалған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу