Үнемделген қаржы есебінен жол салынатын болды

997

Үнемделген қаржы есебінен жол салынатын болды

7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының парламенті "Құрты-Бурылбайтал" және "Ұзынағаш-Отар" жол учаскелерінің жобалары туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

2009 жылы Қазақстан Республикасы мен халықаралық қайта құружәне даму банкі арасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізін  қайта жөндеу үшін займ алу туралы келісімге қол қойылған болатын.

Биыл Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы автожолдарды қайта жөндеу жұмыстары аяқталып, жобаны іске асыруға  пайдаланылған ХҚБД қарызы үнемделді.Үкімет үнемделген қаржыны "Құрты-Бұрылбайтал" және "Ұзынағаш-Отар" жобаларын іске асыру үшін пайдалану туралы шешім қабылдап, нәтижесінде 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында қосымша келісімге қол қойылды. Бұл учаскелерді қайта жөндеуден өткізу 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көзделген.

Ұзақтығы 85 км (І санаттағы 4 жолақтыжол) құрайтын "Құрты-Бұрылбайтал" учаскесі "Орталық - Оңтүстік" дәлізінің құрамына кіреді және "Астана - Қарағанды - Балқаш - Құрты - Қапшағай - Алматы" республикалық маңызы бар  жолдың бір бөлігі.

Ұзақтығы 96 км (І санаттағы 4 жолақтыжол)  құрайтын "Ұзынағаш - Отар" учаскесі "Алматы – Қордай – Благовещенка – Мерке – Ташкент - Термез" республикалық маңызы бар  жолдың бір бөлігі.

Аумақтарды қалпына келтіруге кететін шығынның болжамды көлемі 319,2 млн. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде Халықаралық қайта құружәне даму банкінің қарызы -  271,3 млн АҚШ доллары және республикалық бюджеттен қаржыландыру - 47,9 млн АҚШ доллары.

Қазақстан Республикасы инвестицияларжәне даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті мердігерлік компанияларды, сондай-ақ құрылысты қадағалау жөніндегі консультантты таңдауға кірісті. Қарыз алу туралы келісім күшіне енгеннен кейін келісім шарттар жасалатын болады.

Жұмыстардың аяқталуы 2021 жылға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу