Үнемі жеңіле беретін команданы таратып жіберді

780

Үнемі жеңіле беретін команданы таратып жіберді

Джибути футбол федерациясы өз елінің аяқдоп құрамасын таратып жіберді. Бұл шешім футбол тарихында соңғы үш жылда сүреңсіз ойын көрсеткені үшін жасалды, деп хабарлайды aikyn.kz.

"Үнемі жеңіле беретін мұндай құрама команданың бізге еш керегі жоқ. Одан да жаңа футболшылардан құралған құрама жасақтаған жөн", –деп мәлімдеме жасады федерациядағылар.

Сенбі күні өз алаңында Эфиофия құрамасынан 1:5 есебімен ойсырай ұтылған соң, федерация басшылары осындай шешім қабылдады. Бапкерлер тобы да отставкаға кетті. Енді футбол федерациясы жас ойыншылардан құралған команда жасақтамақ ойда.

"2015 жылдан бері біздің құрама бір рет жеңіске жеткен жоқ. Үнемі жеңіліп келеді. Әңгіме ақшаның жетімсіздігінде емес, дұрыс ойынның болмауында. Сондықтан жастар футболына сенім артуымыз керек", –деп мәлімдеді федерацияның техникалық директоры Омар Әли Мохамед.

Шындығында, дерекке жүгінер болсақ, 2015 жылдан бері Джибути құрамасы 18 кездесу өткізіп, соның 17-сінде жеңілген. ФИФА-ның рейтингісінде Джибути құрамасы ең соңғы орында тұр. 18 ойында өз қақпасына 64 доп жіберіп, қарсыластар қақпасына бар-жоғы 6 ғана гол соққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу