"Үнемшіл" құрылыс бөлімінің бастығына үкім шықты

921

Жаңаарқа ауданының бұрынғы құрылыс бөлімінің бастығы тұрғын үй құрылысына бағытталған қаражатты қолды еткен.

"Үнемшіл" құрылыс бөлімінің бастығына үкім шықты

Жаңаарқа ауданында "Жаңа Нұр" мемлекеттік бағдарламасымен екі қабатты екі үйді салу жоспарланған. Бұл үйлердегі пәтерлерді билік жалғыз басты аналар мен көпбалалы отбасыларға және мүгедектерге бермек болған.

Жаңаарқа ауданының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы үйді салып жатқан мердігерге сапасы төмен құрылыс материалдарын жеткізіп отырған және құжатта сапасы жоғары әрі бағасы қымбат деп көрсеткен. Шенеунік осылайша үнемделген қаражатты қалтасына басқан. Алайда оның қулығы ұзаққа бармай, тексеру басталған.

Құрылыс бөлімінің бастығына қатысты ҚК-нің 189 бабы 4 бөлігі 2-тармағымен, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бұл сотта қаралған. Істі қараған Жаңаарқа ауданының соты құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығын кінәлі деп тауып, оны 6 жылға соттады.

"Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. 9 774 183 сомасындағы азаматтық талап толық көлемде өтелді. Үкімге прокурор наразылық білдірмеді, сотталушымен шағымдалған жоқ, сот үкімі заңды күшіне енді",– деп мәлімдеді Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз қызметі .

Арайлым Еркебаева

Жаңаарқа ауданының соты, құрылыс бөлімінің бастығы,  "Жаңа – Нұр", жемқорлық

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу