Таиландта осыдан 2 апта бұрын үңгірге түсіп, одан шыға алмай қалған 12 жасөспірімнің 8-і ауруханаға жеткізілді. Барлығы да дін аман. Енді 4-еуін құтқару амалдары жасалуда, деп хабарлайды Atameken TV.
Еске сала кетсек, жергілікті футбол командасында ойнайтын балалар үңгірді аралаймыз деп жүргенде, қатты нөсер жауып, одан шыға алмай қалған. Аквалангистердің көмегімен апта бойы іздеу жүргізілгенмен, еш нәтиже шықпаған еді. Кейін арнайы техникамен келген британдық мамандар жіті тексеріс жүргізіп, үңгірдегі жауын суын сору нәтижесінде жасөспірімдерді жер астынан алып шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу