Таиландта 10 күн бұрын үңгірге түсіп, із-түзсіз жоғалып кеткен 12 жасөспірім табылды. Барлығы да дін аман, деп хабарлайды Atameken TV.
Естеріңізге сала кетейік, жергілікті футбол командасында ойнайтын балалар үңгірді аралаймыз деп жүргенде, қатты нөсер жауып, одан шыға алмай қалған. Аквалангистердің көмегімен апта бойы іздеу жүргізілгенмен, еш нәтиже шықпаған еді. Кейін арнайы техникамен келген британдық мамандар жіті тексеріс жүргізіп, үңгірдегі жауын суын сору нәтижесінде жасөспірімдерді жер астынан алып шықты.
"Бастысы балалардың барлығы дін аман. Әрине он күн бойы нәр татпай үңгірде жатқандықтан, әбден әлсіреген. Барлығына дереу медициналық көмек көрсетілді.Олар ұзақ уақыт дәрігер қарауында болады", - Наронгсак провинциясының жетекшісі Чайанг Рэй.