Unicredit-тегі қысқартулар: мыңдаған адам жұмысынан айырылады

781

Әсіресе Италиядағы филиалдар жабыла бастайды. 

Unicredit-тегі қысқартулар: мыңдаған адам жұмысынан айырылады

Италияның ірі банкі Unicredit өзінің 500 бөлімшесін жабуды көздеп отыр. Егер шешім қабылданса, 8 мың адам жұмыссыз қалады. Яғни бұл қаржы мекемесінде жұмыс істейтін барлық қызметкерлердің шамамен 10 пайызы. Банк өкілдерінің айтуынша, қаржылық мекеме осылайша 1 млрд еуро көлеміндегі қаражатты үнемдеп қалмақ.

Euronews басылымының мәліметіне сүйенсек, қысқартулар 2020 және 2023 жылдары аралығында жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Банктің италиялық филиалдарындағы 5,5 мың адам жұмысынан айырылмақ. Содан кейін Германия мен Австрия елдеріндері жұмыс орындарының саны азайтылады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу