Ресейдің Красноярск қаласындағы Универсиада ойындарында шорт-трекшілер жарысы жалғасуда. Кеше ерлер мен әйелдер 500 метрге жарысудан бақ сынады деп жазады Olympic.kz.
Қыздар арасында қазақстандық Яна Хан 13-ші, Әлия Әмірғалиева 22-ші, Хадиша Бақыткереева 23-ші орында. Бұл сында үздік үштікті Франция, Ресей және Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.
Ерлерден сынға түскен Денис Никиша бесінші орыннан көрінсе, Нұрлыбек Бейсеев 19-шы, Евгений Ребик 21-ші сатыда.
Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер командасы эстафетадан финалдық кезеңге өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу