Универсиада-2017 Алауы Президенттің қатысуымен Астанада жағылады

1484

Универсиада-2017 Алауы Президенттің қатысуымен Астанада жағылады

ҚазАҚпарат - Петропавлдағы аймақтық Орталық коммуникациялар қызметінде Универсиада-2017-ні өткізуге дайындық барысына арналған брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция директорының орынбасары Қайрат Биекенов Универсиадаға 55 елден өтінім келіп түскенін және бұл рекорд болып табылатынын мәлімдеді.

"2011 жылы Түркияға 52 елден қатысушылар келіп, рекорд орнатқан еді. Біздегі Универсиадаға қатысу үшін 2 мыңға жуық спортшы өтінім берді. 3 мың ерікті көмек көрсетеді. Ойындар кезінде Алматыға 30 мыңға жуық шетелдік қонақтар мен туристер келеді деп күтілуде. Әлемнің 80 еліне трансляция жүргізіледі. Біз күткен телеаудитория - 1 млрд. адам", - деді Қайрат Биекенов.

Универсиадаға арналған акциялар Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. Олардың ең бастысы - Алау эстафетасы.

Қ.Биекеновтың хабарлауынша, алауды тұтату рәсімі 25 қаңтар күні Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Президентінің қатысуымен өтеді. Алау эстафетасы 26 қаңтар күні Петропавл қаласынан бастау алып, 29 қаңтарда Алматыдағы ойындардың ашылу салтанатында аяқталады.

Алауды алып жүрушілердің нақты тізімі 16 желтоқсан күні жарияланады.

 

inform.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу