Универсиада-2017 спорттың жаңа жұлдыздарын танытуы мүмкін

848

Универсиада-2017 спорттың жаңа жұлдыздарын танытуы мүмкін

Алматыда өтетін дүниежүзілік қысқы Универсиадаға әлемдік спорттың танымал жұлдыздары қатыспайды, деп хабарлайды "Универсиада-2017" дирекциясының директоры Наиль Нуровтың сөзіне сүйене отырып "ҚазАқпарат" ХАА.

"Әрине, біз Универсиадада әлемдік спорттың супер спортсмендері мен  супер жұлдыздарын күтіп отырғанымыз жоқ. Бұл Универсиада, студенттер ойыны. Екінші жағынан Универсиада жаңа жұлдыздардың есімін әйгілейтін болады. Жерлестеріміз, универсиада қонақтары спорттың болашақ жұлдыздарын көруіне мүмкіндік туады. Біршама уақыт өткеннен кейін: "Мен мына жұлдызды осыдан 2-3 жыл бұрын Алматыда көргенмін" деп айтатындар болады", – деді Наиль Нуров. С

Сонымен қатар, ол қазақстандық спортшылар универсиада ойындарына белсенді дайындалып жатқанын айтты. "Біздің серіктестердің көмегімен Универсиада ойындарының бюджетін 1 млрд теңгеге үнемдеу мүмкіндігі туып отыр. Оған дейін де 17 млрд теңгені үнемдегенбіз. Енді оған 1 млрд теңге және қосылды", – деді Н.Нуров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу