50 метрге брасс әдісімен жарысудан әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық Аделаида Пчелинцева өз тобында үшінші орын алса, жалпы есепте бесінші орынмен финалға өтті. Ол аталған қашықтықты 31.33 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Әзірге бразилиялық Дженифер Алвес көш бастап тұр.
Финал 10 шілдеге жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу