Универсиада-2019: Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды

736

400 метрге жарысқан желаяқтар арасынан Литвин мәреге екінші болып келді. Қазақстандық жеңіл атлет аталған қашықтықты 45.77 секундта жүгіріп өткен.

Универсиада-2019: Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды

Михаил Литвин Неапольда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

400 метрге жарысқан желаяқтар арасынан Литвин мәреге екінші болып келді. Қазақстандық жеңіл атлет аталған қашықтықты 45.77 секундта жүгіріп өткен.

Алтын медаль мексикалық Валенте Мендосаға (45.53) бұйырса, қоланы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Гардел Эдвард Исакс (45.89) иеленді. 

Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар Универсиада ойындарында 1– алтын, 4– күміс және 1– қола медаль жеңіп алды.

Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими және стенд атушы Зоя Кравченко мен жеңіл атлет Михаил Литвин күміс еншіледі. Стенд атудан қола жүлдені Сәрсенкүл Рысбекова иеленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу