АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында еліміздің құрамасы алтыншы орынға табан тіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Айта кетерлігі, құрамаға тұңғыш алтын жүлдені биатлоншы Вадим Куралес сыйлады. Сондай-ақ шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев те алтыннан алқа тақты.
Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков 10 шақырымға спринтте алтынды жеңіп алды. Тағы бір биатлоншы Александр Мухин қола жүлдені місе тұтты.
Жүлде саны бойынша командалық кестенің көшін 32 медальмен Жапония бастап тұр. Одан кейінгі сатыларда Польша (10 медаль) мен Оңтүстік Корея (5 медаль), Чехия (8 медаль), Финляндия (5 медаль) бар.
Қысқы Универсиада ойындары 22 қаңтарда аяқталады.