Универсиада-2023: Қазақстан жарысты 11-орынмен аяқтады

636

Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын, төрт күміс және төрт қола бар.  

Универсиада-2023: Қазақстан жарысты 11-орынмен аяқтады Фото: sports.kz

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен 2023 жылғы қысқы Универсиадада Қазақстанның студенттік құрамасы он бір жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Аталған нәтиже еліміз құрамасына жалпы есепте 11-орынға шығуға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, Бекентай Тұрлыбеков (биатлон), Вадим Куралес (биатлон) және Данил Васильев (шаңғымен секіру) Универсиада-2023 чемпионы атанды.

Күміс жүлдені шорт-трек (ерлер және аралас) және шаңғымен трамплиннен секіру (ерлер) бойынша Қазақстан құрамалары, Александр Мухин (биатлон) жеңіп алды.

Қола жүлдені хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы, биатлоннан әйелдер құрамасы, Александр Мухин (биатлон) және Ксения Шалыгин (биатлон) жеңіп алды.

Универсиада-2023 жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы 48 медальмен жеңіске жетті. Оңтүстік Корея 29 жүлдемен екінші болса, Канада 13 жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу