Универсиада-2023: Қазақстандық гимнаст алтыннан алқа тақты

527

31-Дүниежүзілік жазғы универсиада 8 тамызда аяқталады. 

Универсиада-2023: Қазақстандық гимнаст алтыннан алқа тақты Фото: Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы

ҚР Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының 24 жастағы нұсқаушысы ефрейтор Милад Карими Қытайда өтіп жатқан Универсиада-2023-те алтыннан алқа тақты, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 14,800 ұпаймен финалдық жарыста бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Қытай Халық Республикасының гимнастшысы Ши Сун алса (14,600 ұпаймен), қола жүлдені Жапониядан келген спортшы Сугимото Каито қанжығасына байлады (14,233 балл).

Осыған дейін отандық гимнаст еркін бағдарламада күміс медаль, ал қолды тіреп секіруде қола иеленген болатын.

Айта кету керек, Универсиадада спорттық гимнастика бойынша Қазақстан ерлер құрамасы бес спортшыдан құралған. Ел намысын 11 спорт түрінен 93 спортшы қорғауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу