Универсиада кезінде Алматының мектеп оқушылары каникулға жіберіледі

943

Универсиада кезінде Алматының мектеп оқушылары каникулға жіберіледі

Алматыда Дүниежүзілік универсиада өтетін кезеңде  мектеп оқушылары үшін  30 қаңтар мен  8 ақпан аралығында қосымша каникул берілетін болды, деп мәлім етті білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Барлық елдерде халықаралық жарыстар кезінде осындай шаралар қабылданады. Бұл  жергілікті оқушылардың  жарыстарды тамашалауына, оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуге, спортты дәріптеуге мүмкіндік бермек.

Алматы қаласы білім бөлімінің  мәлімдеуінше,  қосымша каникул Наурыз мейрамындағы демалыс күндеріне еш әсер етпейді. Алматының оқушылары еліміздің барша балаларымен бірдей демалады.

Алматының жоо және колледждеріндегі сабақ кестесінде өзгеріс болмайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу