Универсиада ойындарындағы жеңіл атлетикадан алғашқы жүлде қоржында

883

Универсиада ойындарындағы жеңіл атлетикадан алғашқы жүлде қоржында

Сырықпен секіруші Сергей Григорьев Тайпэйде өтіп жатқан бүкіләлемдік Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kazathletics.kz.

Бұл сайыс түрінен финалға 12 атлет өткен болатын, оның ішінде екеуі қазақстандық спортшы. Сергей Григорьев бірге 2015 жылғы Кванджуда өткен Универсиада ойындарының жеңімпазы Никита Филиппов болды.

Алғашында финалға шыққандардың көбісі 5 метрден аса алмай жатты. Ал Сергей бірден 5,20, 5,40 және 5,50 метрді оңай бағындырып, бірден көшбасшылыққа шыққан еді. Соңғы сәтте португалдық Диого Феррейра 5,55 метрге секіріп, бас жүлдені жұлып алды. Григорьев соңғы мүмкіндігінде 5,60 метрге талпынып көргенімен, бұл жоспарын жүзеге асыра алмады.

Үшінші орын италиялық Клаудио Стеккиге бұйырды. Никита Филиппов өкіншке қарай жүлдеге іліге алмады. Ол аустралиялық Ангус Армстронгпен бірге бесінші-алтыншы орынды бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу