Бүгін Үкімет отырысында Алматыда өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық барысы қарастырылып жатыр. Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Универсиадада жеңіске жеткен спортшылар 5 млн теңге шамасында сыйақы алатынын хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, 1-ші орын алған спортшыға 4 млн 900 мың теңге, 2-ші орын алғандарға 3 млн 300 теңге, ал 3-ші орын үшін 1 млн 600 мың теңге табысталады, деп хабарлайды 24Хабар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу