Универсиада ойындары аяқталғаннан кейін Атлетикалық ауылда олимпиадаға дайындық орталығы, бюджеттік супермаркеттер желісі орналасады. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбектің орталыққа сапарынан кейін белгілі болды, деп хабарлайды 7күн.
Бұдан бөлек, 43 орындық студенттер қонақ үйі, 1,5 мың адамға арналған Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта орталығы ашылады.
Сондай-ақ, "Қазақстанның ипотекалық компаниясы " АҚ арқылы Ауылдағы 1748 пәтерді сату туралы шешім қабылданған. Бұл Аймақтарды дамыту-2020 бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Пәтерлер "1 шаршы метрді 1120 теңгемен 20 жылда сату құқығы бойынша жалға алу" шартымен беріледі.
Бағдарламаға көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырғандар, оралмандар, 1-2 топтағы мүгедектер, мемлекеттік және әскери қызметкерлер, мемлекеттік органдардың және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.
Сондай-ақ, атлеттердің бөлмелеріне сатып алынған жиһаздар мен тұрмыстық техникалар қаладағы ауруханаларға, емханаларға, балабақшаларға таратылып беріледі.