Универсиадаға байланысты Алматыда бірнеше сауда орны жабылады

1071

Универсиадаға байланысты Алматыда бірнеше сауда орны жабылады

29 қаңтар және 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 9 сауда нысаны жабық болады. Сауда орындарының жабылуы Қысқы универсиада өткізілетін күндермен сәйкес келеді. Ал Алматы әкімдігінің түсіндіруінше, орындардың жабылуы санитарлық тексеруге байланысты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Атап айтқанда, "Магнум" гипермаркеті (Ақбұлак, 273), "Алтын Орда",  "Барлық",  "Құрдас-7", "Жібек жолы", "Жұлдыз", "Барыс-4" базарлары және "Кар Сити" сауда орталығы, "Арзан" гипермаркеті жұмысын уақытша тоқтатады.

Алматы қаласында 46 сауда базары жұмыс істейді. Оның 4-уі арнайы сауда нысаны болса, 16-сы әмбебап, 26-сы азық-түліктік емес базарлар. Қала базарларында 25 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу