Универсиадаға қатысқан шорт трекшілер елге оралды

160

Спортшыларды Астана әуежайынан Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері, туыстары мен достары, жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды.  

Универсиадаға қатысқан шорт трекшілер елге оралды Фото: gov.kz

Бүгін ХХХ қысқы Универсиада жүлдегерлері - шорт-тректен Қазақстан құрамасы елге оралды, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетейік, шорт-тректен ерлер құрамасы эстафетада күміс медальге қол жеткізген болатын. Ұлттық құрама намысын Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Валерий Клименко мен Санжар Жанысов қорғады. Құраманың бас жаттықтырушысы – Мәдіғали Қарсыбеков.

Ал аралас эстафетада да отандастарымыз күміс жүлдеге ие болды. Олардың нәтижесі 2:47.757 секунд. Ұлттық құрама мүшелері - Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамұханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу