Универсиадаға келген саяхатшылардың саны аздау болып тұр

945

Универсиадаға келген саяхатшылардың саны аздау болып тұр

Универсиадаға келген саяхатшылардың саны кем болып қалды. Студенттер ойынын қызықтауға шетелден  екі мыңдай ғана қонақ келген. Болжам бойынша отыз мыңдай адам келеді деп күтілген еді, деп хабарлайды КТК.

Бұл мәліметті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі жария етті.

Сәрсенбі күнгі дерек бойынша, Алматыға 66 елден шамамен 2100 адам келген. Универсиада ойындары әлі сегіз күн жалғасады.

Дүбірлі жарыс басталардың алдында Универсиаданың ұйымдастыру комитеті Алматыда өтетін студенттер сайысына өзге елдерден 30 мыңдай адам келеді деген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу