Университет аумағындағы субұрқақтардың қауіпсіздік мәселесі қайта қарала ма?

230

Маусым айында ҚазҰУ аумағындағы субұрқақтың жанынан жас жігіттің денесі табылды.  

Университет аумағындағы субұрқақтардың қауіпсіздік мәселесі қайта қарала ма? Фото: Казахстанская правда

Бүгінгі таңда университет жанындағы субұрқақтарда барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлеуметтік даму жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Сәбит Суатай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "Алматыда ЖОО аумағында орналасқан субұрқақта қайғылы жағдай болды. Жатақханалар мен университеттерге жақын орналасқан осындай құрылыстардың қауіпсіздігі мәселесі қайта қарала ма?" деп сұрады.

 "Өздеріңізге белгілі, маусым айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында тұрған субұрқақта қайғылы оқиға болды. Медициналық-сараптамалық қорытындысына сәйкес бала жүрек талмасынан қайтыс болғаны туралы анықтама берілді. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары техникалық сараптамаға берді, оның қорытындысын күтіп отыр. Соның нәтижесі бойынша ғана барлығы белгілі болады", - деді Сәбит Суатай.

Айтуынша, университет аумағында екі субұрқақ бар.

"Онда барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Суға түсуге болмайтыны туралы ескертпелер бар", - деді университет өкілі.

Айта кету керек, осыған дейін Алматыда университет аумағындағы субұрқақ жанынан жас жігіттің денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу