Университет қабырғасында қазақша әңгіме клубы ашылды

996

Әлеуметтік жоба ZOOM арқылы және офлайн форматта іске асады.

Университет қабырғасында қазақша әңгіме клубы ашылды

KAZGUU  Университеті бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік – бәрінен қымбат" атты мақаласынан кейін қолға алып отыр. Идеясы қарапайым. Клуб мүшелері өздері үшін өзекті мәселелерді ауызекі қалыпта емін-еркін талқылайды. Тек тілдерін бөтен сөбен былғамай, таза қазақша сөйлессе болды.  Сабақ аптасына екі рет ZOOM платформасында және офлайн форматта өтеді.  

""Біз 2020 жылдың соңында ағылшын тілін оқытатын әлеуметтік жоба бастаған болатынбыз. Соның негізінде идеясы өзгеше "Кел, қазақша сөйлесейік!"  клубы құрылып отыр. Мұнда сабақ ұлттық менталитет, тарих пен фольклордың ерекшеліктерін, қазақ халқының құндылықтары мен басымдықтарын ескере отырып, арнайы әдістеме бойынша өткізіледі", - дейді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Жоғары гуманитарлық мектебінің директоры Анар Ибраева. 

Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алғашқы сабақ 21 қаңтар күні сағат 17:00-де басталады. Қызығушылық танытқан кез келген адам сілтеме http://bit.ly/qazsoile арқылы өтіп, қазірден бастап жобаға тіркеле алады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу