Университеттер министрлік тексерістеріне кедергі келтіруде

1416

Жоғарғы оқу орындары кемшіліктері әшкере болмас үшін тексеріс жүргізуге келгендерге кедергі келтіруде, деп хабарлайды Atameken Business.    

Университеттер министрлік тексерістеріне кедергі келтіруде

Тіпті, кейбір университеттер корпустарын құлыптап қоятын көрінеді. Қашықтықтан оқытуды себеп қылған олар, ешбір жанды нысанға кіргізбейді дейді Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова. Бұл министрлік тарапынан жүргізілуі тиіс инспекция процессіне тосқауыл дейді.  Білім ордаларының арасында оқытушылар құрамы мен студенттерді жаппай оқудан шығарып, өздерінің ұйымдық-құқықтық формаларын өзгерткендер де  кездесіпті. Осылайша, әп сәтте-ақ кіші бизнес субъектілерінің қатарына өтіп, 2020-да жарияланған мараторийге сәйкес тексерістерден босатылған. Бұл – барып тұрған алаяқтық дейді Көбенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу