Бұл Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің үкімет кулуарында журналистерге айтқаны, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Осы жылдан бастап заңнамалық түрде сондай шарттар енгізілді, шектеу қойылды", – деді министр.
Оның айтуынша, жатақханамен толық қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз есебінен толыққанды шеше алмайды.
"Сондықтан Білім министрлігінің жанындағы қаржы орталығымен бірлесіп, жеке инвесторлармен, құрылыс компанияларымен, мердігерлер тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Оларға арнайы алты жылдық шарттар береміз. Яғни қаржы моделін ұсынамыз. Сол қаржы моделімен 2026 жылға дейін стундеттердің 60-70 пайызын жатақханамен қамтамасыз етеміз", – деді Саясат Нұрбек.