Университеттерде оқуын жалғастырып жатқан колледж түлектеріне арналған гранттар саны ұлғаяды

212

Үкімет басшысы кәсіптік-техникалық білім беруді жаңғырту бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Университеттерде оқуын жалғастырып жатқан колледж түлектеріне арналған  гранттар саны ұлғаяды Фото: Supersizer/Getty Images

Ғылым және Оқу-ағарту министрлігіне ұқсас мамандықтар бойынша университеттерде оқуын жалғастырып жатқан колледж түлектеріне арналған  гранттар санын ұлғайта отырып, мемлекеттік тапсырыс құрылымын қайта қарау тапсырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы 2025-ші жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Үкімет басшысы "Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс" қағидаты іс жүзіне асыру қажеттігін атап өтіп, кәсіптік және техникалық білім беруді дамытудың басым бағыттарын белгіледі. 

"Еңбек нарығының, бизнестің және білім алушы жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескеретін жүйелі шаралар кешенін әзірлеу керек. Бұл ретте қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, білікті кадрлар даярлау – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып қала бермек", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту шеңберінде мынадай тапсырмалар берілді:

Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, "Атамекен" палатасымен бірлесіп, алдағы Жұмысшы мамандықтарының жылы шеңберінде Техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау бойынша кешенді жоспар әзірлесін. Ол колледждерді техникалық жағынан қамтамасыз ету, оқытушылар құрамы мен оқу бағдарламаларына қойылатын талаптар, колледждердің жұмыс сапасын бағалау және оларды қаржыландыру бағытында нақты шараларды қамтуы тиіс;

Еңбек министрлігі, "Атамекен" палатасы салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті еуропалық жіктеуіш негізінде Цифрлық дағдылар банкін қалыптастыруды қамтамасыз етсін. Сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы негізінде түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін сертификатталған колледж түлектерінің тізілімін құру қажет. Бұдан басқа, белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, жұмысшы біліктілігін тану орталықтарының желісін дамыту шараларын қабылдау көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу