Университеттің 9 гектар жер телімін ұрлаған күдіктілер ұсталды

717

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкерін, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің және Қарасай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшыларын ұстады. Олар 2018 жылы университеттің Кемертоған кентінде орналасқан 9,0 га жер телімін ұрлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды inbusiness.kz жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Университеттің 9 гектар жер телімін ұрлаған күдіктілер ұсталды

Аталған аумақ бірнеше телімге заңсыз бөлініп, жалған құжаттармен ұсталған тұлғаларға рәсімделген, кейіннен сатылған.

"Аталған тұлғалар қылмыс іздерін жасыру және жер телімін университет балансына жалған қайтару мақсатында 2021 жылдың қаңтарында құқық белгілейтін құжаттарсыз мемлекеттің жер қорынан Көлді кентінде санитарлық аймақта орналасқан, жеке меншікке беруге жатпайтын жер телімін заңсыз бөлген. Бүгінгі таңда барлық күдіктілерге соттың санкциясымен бұлтартпау шарасы тағайындалды.Тергеу жалғасуда, жасалған қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу