Университеттің үздік оқытушысына 6 млн теңге сыйақы беріледі

773

Қазақстанда "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021" республикалық байқауына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Университеттің үздік оқытушысына 6 млн теңге сыйақы беріледі

Конкурсқа құжат қабылдау 1-15 қараша аралығында жүргізіледі. 

Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады. Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болып, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуы тиіс. 

Конкурста жеңіске жеткен оқытушыға 6 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі.

БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуынша, конкурс 2 кезеңнен тұрады. 

"Алдымен жоғары оқу орнының ішінде, кейін республикалық деңгейде өтеді. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта қабылданады. Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы келіп түскен барлық құжатты тексереді. Сараптау тобының қорытындысы негізінде ЖОО комиссиясы конкурсқа қатысушылардың екінші республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады", – деді басқарма басшысы.

Республикалық деңгейде құрылған комиссия құрамында ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері мен сарапшылары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу