University of Arizona Nazarbayev University-мен серіктестікті кеңейтеді

288

Тараптар білім беру және ғылым саласындағы жаңа жобаларды талқылады.  

University of Arizona Nazarbayev University-мен серіктестікті кеңейтеді Фото: gov.kz

University of Arizona президенті доктор Суреш Гаримелла Nazarbayev University-ге жұмыс сапарымен келіп, университеттің ғылыми инфрақұрылымымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен білім беру жобалары мен қос диплом бағдарламаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

Делегация университеттің ғылыми-зерттеу зертханаларын аралап, жасанды интеллект, медицина, инженерия, тау-кен ісі, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану және бірлескен ғылыми жобаларды дамыту бағыттарына ерекше қызығушылық танытты.

Сапар аясында халықаралық ISO 5-6 стандартына сәйкес жабдықталған Nanofabrication Facility орталығы мен Қазақстандағы адам микробиомын кешенді зерттейтін алғашқы Human Microbiome Laboratory зертханасының жұмысы таныстырылды.

Доктор Суреш Гаримелла Nazarbayev University-дің ғылыми әлеуетіне жоғары баға беріп, Қазақстанмен ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Айта кетейік, University of Arizona 2022 жылы Kozybayev University базасында Орталық Азиядағы алғашқы микрокампусын ашқан болатын. Қазір онда үш бағыт бойынша қос диплом бағдарламалары жүзеге асырылып келеді.

Кездесу қорытындысында тараптар білім беру мен ғылым саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу