Ұнның бағасы өсіп кетті

1642

Бірінші сұрыпты ұн 19%-ға, жоғары сұрыптысы 23%-ға қымбаттады.

Ұнның бағасы өсіп кетті

2020 жылдың алғашқы бес айында 1,28 млн тонна ұн өндірілген, яғни былтырғы көрсеткіштен 11,5%-ға аз. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады.

2019 жылдың қаңтар және мамыр айларында да өндіріс 17,4%-ға азайған еді. 
Өнім ең көп өндірілген өңір (жалпы өндірістің 31,5%) – Қостанай облысы: 402,5 мың тонна, өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға кем. 11,3%-ы Шымкентте шығарылған: 144,4 мың тонна, биыл 33,5%-ға азайды. Өндірістің 10,7%-ы Ақмола облысына тиесілі: 137,1 мың тонна, былтырғыға қарағанда 11,4%-ға аз. 

Ескере кететін жайт, ішкі нарықтағы ұн сатылымы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,1%-ға кем. Экспорт та пандемия кесірінен іркіліп қалды.
Бірінші сұрыпты ұн бағасы да инфляция деңгейінен (6,7%) үш есе, ал жоғары сұрыптысы 3,4 есе көбірек көтерілді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу