9-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін UNWTO-ның "Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар" VIII жаһандық саммиті өз алаңында 700-ден астам қатысушыны қабылдайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Меймандардың арасында шетелдік танымал кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері бар. Жаһандық саммиттің спикері ретінде Pokemon GO ойынының жасаушылары, Куала-Лумпурдің сәулетшілері және тағы басқа қызықты тұлғалар қатысады. Елордада бүгінгі таңда жаңа технологиялар қолданылуда.
Мысал ретінде гаджеттерді қуаттауға мүмкіндік беретін жылы аялдамалар, күн батареялары мен велосипедтерге арналған тұрақты келтіруге болады. Осыған орай, UNWTO-ның "Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар" VIII жаһандық саммитін қабылдайтын Нұр-Сұлтан қаласының таңдауы таңғалдырмайды.